KiVa буллингке қарсы бағдарламсының негізгі идеологиясы қандай?
Буллинг – бұл топтық құбылыс. Осылайша, бағдарламаның негізгі мақсаты — буллинг басталмай тұрып оның алдын алу. Топтық нормаларға әсер етіп, әлеуметтік өзара әрекеттесуде конструктивті мінез-құлықты қалыптастыру арқылы балаларды жәбірлеушіні қолдамай, керісінше осал құрдастарына көмектесу үшін жауапкершілік алуға шақырамыз. Алдын алу шараларынан бөлек, KiVa бағдарламасы буллинг орын алған жағдайда онымен күресуге арналған нақты нұсқаулықтарды ұсынады.
Біздің мектеп KiVa мектебі бола алады ма?
KiVa белгілі бір елде немесе аймақтағы KiVa лицензияланған серіктесімен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады. Егер сіздің еліңізде немесе аймағыңызда KiVa серіктесі болмаса, KiVa мектебі болу мүмкін емес. Бірақ біз үнемі жаңа серіктес ұйымдарды іздейміз және біраз уақыттан кейін жағдай өзгеруі мүмкін. KiVa бағдарламасын қолданатын елдер мен аймақтарды осы жерден табуға болады.
KiVa лицензияланған серіктесі болу қанша тұрады?
Барлық бағалар лицензиялық келісім арқылы келісіледі. Төлем жасаудың екі жолы бар: біріншісі – барлық шығындарды жабатын бір реттік төлем, екіншісі – сайынғы төлем мен роялтиді төлеу. Екеуінде де келісімшарт 3-5 жылға жасалады. Шығындар KiVa сауда маркасын пайдалану құқығын, KiVa-ны келісілген аймақта жүзеге асыру құқығын, тренерлерге арналған тренингтер, барлық KiVa материалдарын, соның ішінде KiVa ойыны мен онлайн сауалнамаларды, сондай-ақ бағдарламаны ендіруге қажетті инфрақұрылымды қамтиды.
KiVa тренері деген кім және мен қалай тренер бола аламын?
KiVa тренері – серіктес ұйымның мүшесі немесе серіктес ұйыммен ынтымақтастық орнатқан аймақтағы мектептерде KiVa бағдарламасын жүзеге асыратын мұғалімдерді даярлауға жауапты сертификатталған тренер. Тренерлер қатарына қосылу үшін тренерлерге арналған курстан өту қажет. Бес күндік тренинг Финляндияның Турку қаласында ұйымдастырылады. Тренинг туралы қосымша ақпаратты осы жерден таба аласыз.
KiVa буллингке қарсы бағдарламасы қай елдерде немесе аймақтарда қолжетімді?
Қазіргі уақытта KiVa буллингке қарсы бағдарламасы Финляндиядан басқа Еуропаның, Оңтүстік Американың әртүрлі елдерінде, сондай-ақ Жаңа Зеландияда қолданылады. Сонымен қатар Еуропалық Мектептер желісі сияқты кейбір мектеп желілері де KiVa-ны қолданады. Қазіргі уақытта біз бірнеше елдермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз және KiVa бағдарламасы үнемі өз қолданыс аймағын кеңейтуде. Елдер мен аймақтардың жаңартылған тізімін осы жерден табуға болады.
KiVa бағдарламасына қандай материалдар кіреді?
KiVa үш жас тобына арналған әртүрлі материалдардан тұрады: 1-модуль 6-9 жастағы балаларға, 2-модуль 10-12 жастағы балаларға және 3-модуль 13-16 жастағы жасөспірімдерге арналған. Әр модуль мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға арналған материалдарды қамтиды, оның ішінде мұғалімдерге арналған нұсқаулықтар, оқушыларға арналған сабақтар, ата-аналарға арналған нұсқаулық, презентациялар, бейнероликтер, онлайн ойын, сондай-ақ онлайн мониторинг құралдары да бар.
KiVa бағдарламасын енгізу қанша уақытты қажет етеді?
Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, егер қажетті тілде KiVa материалы болмаса, бүкіл өндіріс процесі шамамен бір жылға созылады. Барлық материалдарды (соның ішінде ойындар, бейнероликтер, оқу құралдары, презентациялар және т.б.) өндіруге толық семестр бөлу орынды. Егер қажетті тілде дайын материалдар бар болса, өндіріс мерзімі қысқарады. Дегенмен маркетингке, сондай-ақ мектептерді жинау және олардың қызметкерлерін оқытуға бірнеше ай бөлу ұсынылады.
Ата-аналар KiVa-ға қалай қатысады?
Оқу жылының басында барлық ата-аналарды мектепке шақырып, KiVa бағдарламасы және ол қалай жүзеге асырылатыны туралы хабардар ету керек. KiVa мектебі жыл бойы ата-аналармен белсенді байланыс орнатуы тиіс. Сондай-ақ KiVa бағдарламасы интернетте қолжетімді ата-аналарға арналған нұсқаулықты ұсынады.
KiVa буллингке қарсы бағдарламасының құқықтары кімге тиесілі?
KiVa буллингке қарсы бағдарламасы Финляндияның Білім және мәдениет министрлігіне тиесілі. Турку университеті (лицензияланған серіктестерімен бірге) бағдарламаны Финляндиядан тыс жүзеге асырудың айрықша құқығына ие. Серіктес ұйымдарға KiVa өнімдерін шығару, тарату, сату және бағдарламаға қатысты білімді серіктестік туралы лицензиялық келісімде көрсетілген аймақта бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында пайдалану құқығы беріледі.